Жалпы мәліметтер
Қазақстан, Алматы қ., 2013 жылғы 2 шілде - қазақстандық жетекші кондитерлік компания «Рахат» АҚ мен Оңтүстік Кореяның «LOTTE Confectionery» жетекші кондитерлік компаниясы ресми түрде «LOTTE Confectionery» компаниясының «Рахат» АҚ айналымдағы акцияларының шамамен 76%-ын сатып алу жөнінде шарт жасағаны туралы мәлімдеді.
Бұл келісім Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы өзара тиімді экономикалық және мәдени қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді, олардың екіжақты ынтымақтастығының келешегі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шақыруымен Оңтүстік Корея Президенті Ли Мен Бактың 2012 жылғы қыркүйек айындағы Қазақстанға ресми сапары нәтижесінде жаңа сапалық деңгейге көтерілген.

«Рахат» АҚ - 1942 жылы құрылған және жылдық айналымы 2012 жылы шамамен 29,4 млрд теңгені (шамамен 197 млн. АҚШ доллары) құрайтын, қазіргі таңда шоколадты, қантты және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер нарығында көшбасшылық бағыттағы, қазақстандық аса ірі кондитерлік компания. Компанияның орталық кеңсесі Алматы қ. орналасқан, ал өндірістік қуаттары Алматы және Шымкент қалаларында; компания қызметкерлерінің жалпы саны шамамен 3 000 адамды құрайды. «Рахат» АҚ-ның Қазақстанның барлық аймақтары бойынша және Ресей, Орта Азия елдері мен Германияға таралған дистрибьюторлық желісі бар.
Компания өз брендінің аса танымалдығы мен сапасы айрықша өнімдерінің арқасында өсіп-өркендеуде.
LOTTE Confectionery - Оңтүстік Кореядағы көлемі жағынан 5-інші ірі конгломерат – LOTTE тобының еншілес компаниясы және штаб-пәтері Сеул қаласында орналасқан Оңтүстік Кореядағы жетекші кондитерлік компания. LOTTE тобына жыл сайын қос мәндік өсім көрсететін, жылдық жиынтық айналымы 2012 жылы 75 млрд. АҚШ долларын құраған 79 еншілес компания кіреді. Бастапқыда 1967 жылы LOTTE тобы кондитерлік компания ретінде құрылды, кейін тағам өнеркәсібі, бөлшек сауда, туризм, құрылыс және мұнай- химия сияқты басқа салаларды кеңейте бастады.


Соңғы бірнеше он жылдықта LOTTE Confectionery Оңтүстік Кореяның кондитерлік нарығындағы үлесі ауқымды № 1 ойыншының ұстанымын жалғастыруда, сонымен бірге өзінің Азиядағы №1 кондитерлік компания болуды көздейтін стратегиялық мақсатына сәйкес Оңтүстік Кореядан шеткері, алыс орналасқан аймақтардағы жаңа нарықтарды игеруде.
LOTTE Confectionery компаниясының Президенті Йонг Су Ким мырза: «LOTTE Confectionery компаниясы қазақстандық кондитерлік нарықта берік орнығып, «Рахат» АҚ компаниясын сатып алғанына разы. Бұл келісім - LOTTE Confectionery компаниясының 2004 жылы Үндістандағы Parry'sConfectionery компаниясын сатып алғаннан кейінгі ірі жетістігі, яғни Қазақстан мен Орталық Азияның қарқынды дамып келе жатқан нарығындағы орнымызды айшықтауға мүмкіндік береді. «Рахат» АҚ - тұтынушылары арасында өнім сапасы бойынша беделі мінсіз, дистрибьюторлық желісі жүйелі, мықты брендке ие, Қазақстандағы алдыңғы қатарлы компания. Біз «Рахат» брендіне келесі даму деңгейіне көшіп, LOTTE Confectionery компаниясында қолданылатын жаңа ғылыми технологиялар мен әзірлемелердің көмегімен және сапаны бақылау жүйесі арқылы өнімнің сапалық көрсеткішін сақтап қалуға көмектесеміз. Осы келісімнің Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы өзарақарым-қатынасты және экономикалық, бизнес, мәдени салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтатыны - біз үшін мақтаныш», - деп тоқталып кеткен.