back to news

«Рахат-Шымкент» ЖШС жаңа өндірістік алаңның ашылуы

2015 жылы 22 қазанда Шымкент қаласында салтанатты рәсім өтті. Іс-шараға Lotte Confectionery комапаниясының Президенті Ким Ёнг Су, «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Но Манг Ко, «Рахат» АҚ Басқарма төрағасы А.С.Зенков, Қазақстандағы Оңтүстік Корея елшісі Чо Енг Чон, ҚР ИДМ инвестиця комитетінің төрағасы Е.К. Хаиров, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.К. Туякбаев, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Н. Кушеров және т.б. қатысты.  


Өндірістік цехтарда еуропалық өндірушілердің  қазіргі заманғы  жаңа  құрылғылары орнатылған.  Жалпы қуаты жылына  9 мың тоннаны құрайтын вафли желісі мен печенье шығару желісін орнату бойынша жұмыстар жүргізілген. Кәсіпорынның өндірістік алаңдары қосымша 12 жаңа технологиялық желіні сатылы түрде орнатуға мүмкіндік береді.

Ассортимент кеңею үстінде – компания нарыққа вафли, крекер  және печеньелердің  жаңа түрлерін нарыққа шығарады. Lotte желісінің өнімдерін шығару мүмкіндігі де қарастырылып отыр.

Жаңа өндірістік қуаттарды енгізу жоғары сапалы бәсекеге қабілетті өнім шығаруға, республика халқының кондитерлік өнімдерге деген сұраныстарын қамтамасыз етуге, қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бұл жоба экономиканың тағам өнеркәсібі секторын дамытуға қолайлы жағдай туғызады, мемлекет бюджетіне  әр түрлі салықтардың  төленуіне,  соған орай  жалпы ел экономикасының  дамуына ықпал етеді,  Өндіріс орындарын аралағаннан кейін, қысқаша брифинг өткізілді.

- «Рахат –Шымкент» өндіріс алаңының ашылу күні - «Рахат» АҚ-ның  кондитерлік өнімдер нарығындағы өзінің көшбасшылық  рөлін растаған күн, – деп атап өтті  Lotte Confectionery  компаниясының Президенті Ким Ёнг Су мырза. - Біз Шымкент қаласындағы жаңа өндірістік алаң біздің компаниямыздың тек Қазақстандағы ғана емес, Орта Азиядағы стратегиялық мақсаттарын  жүзеге асыруға біршама үлес қосады деп санаймыз. Lotte Confectionery компаниясы үшін Қазақстан орталық Азия нарығындағы маңызды үйлестіру  орталығына айналған.

«Рахат» АҚ - біздің шетелдік еншілес компаниямыз, мұнда өнімдердің сатылу көлемі  жоғары деңгейде, сондықтан біз оған үлкен үміт артамыз. Біздің үмітіміз қаншалықты зор болса, аталмыш кәсіпорынды қолдау мен инвестиция тарту бойынша жоспарларымыз да соғұрлым ауқымды.

- Мемлекет басшысының тапсыруы бойынша елдің индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде ҚР Инвестиция және даму министрлігі  мен «KAZNEX INVEST» АҚ  Қазақстандағы өзінің өндірістік қызметін кеңейтуге қосымша қаражат салуды жоспарлап отырған шетелдік инвесторлармен  жүйелі жұмыс жүргізеді. Оңтүстік Кореялық «Lotte» компаниясы осындай инвесторлардың бірі. Бүгінгі таңда салынған 3,2 млрд. теңге – бұл біздің елімізге деген сенімді, осы жерде даму ниетін, сонымен қатар, тұрақты инвестициялық ахуалды білдіретін реинвестиция, - деп атап өтті ҚР ИДМ инвестиция комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров.





ҚР-дағы Оңтүстік Корея елшісі Чо Ёнг Чан мырза «Рахат» АҚ  мен «Lotte» компаниясының  ынтымақтастығы – бұл қазақстандық  және кореялық бизнестің өзара тиімді серіктестігінің көрнекті  үлгісі екенін айтты.