Президенттің құттықтау сөзі

«LOTTE Confectionery» фабрикасы – Кореядағы ең үздік кондитерлік фабрика. Компания қол жеткен жетістіктермен шектелмей, әлемге танымал  компания ретінде қанатын кеңге жаюда. «LOTTE Confectionery» компаниясының  қазіргі уақыттағы мақсаты - «Азиядағы №1 кондитерлік компания» болу.

Қош келдіңіздер!  Мен компаниямызды үнемі қолдап, бізге көмек  көрсеткендеріңіз үшін сіздерге алғыс айтамын. 

Біз ұжымдық философиямызды орындау үшін барлық күш-қуатымызды аямаймыз. Атап айтқанда, адамдардың денсаулығы мен бақытына үлес қосқымыз келеді. Қазіргі сәтте LOTTE Confectionery Кореядағы ең үздік кондитерлік компания ретінде танылған және шығарылатын өнімдеріміз баланың да, ересектердің де көңілінен шығады.

Жақсылыққа бет бұрайық!
MIN MYUNG KI (Мин Мёнг Ки)

 


«LOTTE Group» тобының  Басқарма төрағасы Шин Донг Бинмен сұхбат

- Lotte Group – жоғары деңгейде  әртараптандырылған  холдинг: сіздің компанияларыңыз тағам өнімдері және сусындар өндірумен, бөлшек сауда, қонақ үй бизнесі, құрылыс және тіпті мұнай  химиясымен де айналысады. Дегенмен, LOTTE Group үшін бизнестің қай түрінің келешегі жарқын секілді көрінеді?

- Тарихи тұрғыда біздің топ кондитерлік өнімдерді өндіруші ретінде құрылған, алайда, бүгінгі таңда кондитерлік өнімдер, алкогольсіз және алкогольді сусындар айналымның небары 10%-ын құрайды. Өсу келешегі тұрғысынан бұл бұрынғыдай қомақты бизнес: өсу ырғағы рекордтық шамада болмаса да, қанағаттанарлық деңгейде. Экономикалық  кез-келген жағдайға тәуелсіз, бұл бизнес өте тұрақты қалыпта.

- Ал қонақүй бизнесі қандай жағдайда?

- Қытайлық туристердің арқасында [Кореяға келе бастаған] қазір жағдай жақсы. Ресей мен Корея арасындағы визалық режимді алып тастауға байланысты өткен жылдан бері ресейлік туристердің саны да артып отыр. Рубль құнының төмендеуіне қарамастан, өткен жылы Ресейден Кореяға келген туристер саны 30%-ға көбейді, Lotte HоtelSeoul [бес жұлдызды] қонақүйіне келуші ресейліктердің саны 20% -ға  артты.

- Жалпы алғанда, әрине, қонақүй бизнесі мен туристік бизнес экономика жағдайына тәуелді болады және ауытқу мөлшері де жоғары, мысалы, өткен жылғы наразылықтар салдарынан Гонконгта қонақүйлердің кірісі күрт төмендеді.





Негізгі табыс көздері

- Lotte компаниясының жаңа бизнестері қалай пайда болды? Компания не себепті өндірісті кондитерлік өнімдерден бастап, автомобиль  өндірісі немесе телекоммуникация емес, бөлшек саудаға  немесе қонақүй бизнесіне бет бұрды?
- Lotte - кореялық чеболь, алайда, тарихи тұрғыда жапондық компания ретінде құрылды, себебі компанияның бас төрағасы [Шин Гёк Хо] Токио қаласында оқып, (ол кезде Корея Жапонияның қол астында болатын) Екінші дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, сол жақта компанияның негізін қалады. Кейін ол Кореяға инвестиция тартты. Ол кезде Жапония мен Кореяның экономикалық  даму деңгейінде үлкен  алшақтық болғандықтан, біздің басшымыз Кореядан тағам өндірісіне қосымша әмбебап дүкен ашу жөнінде шешім қабылдады. Ол Кореядағы бөлшек  сауданың болашағы  зор екенін  сезді және оның болжамы дәл келді.  Бұл - Lotte компаниясы жетістіктерінің негізгі факторларының бірі. Біз қызметімізді әмбебап дүкендердің операторы ретінде бастап, кейін  гипермаркеттер мен  супермаркеттерді, үйдегі дүкендер мен dutyfreeді  іске қостық.


- Сіздің компанияңыздың атауы Lotte Гетенің «Жас Вертердің қасіреті» туындысының кейіпкері – Шарлоттамен байланысты екені белгілі. Әкеңіздің өз компаниясына мұндай атауды не себепті таңдағанын  білесіз бе?


- (Күледі.) Әкем Гетені өте жақсы көреді және бұрын Вертер болуды армандағанын айтқан. Оның студент болғанын, өзге елде білім алып, Отаны мен туыстарынан алыста болғандықтан, мұңға батқанын да ескеру  керек сияқты. Лоттаны Гетенің романында барлығы ұнатқандықтан, әкем атау таңдаған кезде өз  компаниясының  да  тұтынушылардың  барлығына  ұнағанын  қалаған сияқты.


- Сіздердің қонақүйлеріңіздің әр бөлмесінде «Жас Вертердің қасіреті» кітабы бар. Ал үйдегі кітапханаларыңызда қанша басылымы бар?

- Корей, жапон, ағылшын және неміс тілдеріндегі басылымдары бар. Көп жыл бұрын мен неміс тілін үйрендім, дегенмен, шынымды айтсам «Жас Вертердің қасіреті» туындысын түпнұсқадан оқыған жоқпын (күледі).


-  Nikkei агенттігі Сіз туралы: «Лондондық  NomuraSecurities кеңсесінде меңгерген тәжірибесін пайдалана отырып, Lotte Group тобының Басқарма төрағасы Шин Донг Бин 2002 жылдан бері компанияларды іске тартуға $9,6 млрд. жұмсап, 40-қа  жуық компанияны сатып алды», - деп жазды. Lotte Group дамуындағы қай жолдың  сіздің ойыңызша  келешегі зор: табиғи даму ма, әлде жұту ма?


- 2001 жылдан бастап LOTTE Group 60 компания сатып алды. Табиғи даму бізге 2/3 өсім, ал жұту 1/3 өсім береді. Біз үшін жаңа, тың болып саналатын бизнес салаларымен айналысқымыз келмейді, өзімізге таныс және түсінікті салаларда өсіп-өркендеуді қалаймыз. Кеме жасау, автомобиль немесе ұшақ өндірісімен айналыспаймыз. Біз соңғы тұтынушының  жанында болғымыз келеді.

- Жалғыз ерекшелік – мұнай химиясы. Дегенмен мұнай химиясының өзінде де біз телекоммуникациялық және автомобильдік компаниялар үшін құрал-жабдықтар жиынтығын жеткізуші ретінде соңғы пайдаланушылар үшін жұмыс жасаймыз. Кореядағы ірі мұнай химиясы компаниясы - LG Chem, біз оларға бәсекелеспіз. Олар бізден біршама ірілеу болғанымен, біздің  даму  қарқынымыз  жоғары.


- LOTTE Group тобының  қонақүй бизнесіне сіз  әкеңіздің қалауы бойынша келдіңіз бе  әлде бұл сіздің бизнес-шешіміңіз бе?
- Қонақүй бизнесін әкем Корея үкіметінің өтініші бойынша дамыта бастаған. Біздің алғашқы қонақ үйіміз [бес жұлдызды] Lotte HotelSeoul [1120 орынға арналған] 1977 жылы ашылған. Осы уақытқа дейін Кореяда жоғары санатты қонақ үйлер болмаған және Корея бұл кезде туристік бағытта жұмыс  жүргізбейтін. Бүгінгі таңда жағдай мүлдем басқаша. 1988 жылы Сеулде өткен жазғы олимпиада ойындарының да көп пайдасы болды. Қазіргі кезде шетелдік туристердің негізгі ағыны Сеулде шоғырланадыы, бірақ 2018 жылы Кореяда Қысқы олимпиада ойындары өтеді, осыдан кейін туристер Кореяға тау шаңғысын тебуге және  осы өлкенің табиғатын тамашалауға келеді деген ойдамын.  Бұл, әрине, LOTTE Group үшін де тиімді болар еді.

- Мен ойын басталғанға дейін үш-төрт жыл бұрын Сочиде болдым. Сол кезде көптеген нысандар енді ғана салына бастаған еді, шынымды айтсам, мен оларды салып үлгеретініне күмәндандым. Алайда, Сочидегі олимпиада ойындары өте жақсы өтті, енді біздер, корейлер  ұйымдастыру  жұмысына  тер төгуге тиіспіз.

- Lotte Group тобы  өздеріңіз  жобалайтын және салатын биік ғимараттарымен де атақты. Lotte CenterHanoi ғимаратында 65 жер үсті қабаты бар, Пусанда құрылысы жүргізіп жатқан Lotte WorldTower ғимаратында 107 жер үсті қабаты болады, ал сеулдегі  Lotte WorldTower ғимаратында одан да көп – 123 жер үсті  қабаты болады. Мұндай жобаларды іске асырудағы қиындық : рұқсат алуда, құрылысты салуда  немесе басқаруда  ма?


- Құрастыру мен салу қиын емес. Ең қиыны - рұқсат алу. Сеулдегі Lotte WorldTower құрылысына рұқсат алу үшін бізге 20 жылға жуық уақыт қажет болды. Ол біздің мұнараға жақын жерде кореялық ӘҚК  пайдаланатын кішігірім аэродромның орналасуына байланысты болды. Біздің биік ғимаратымыз аэродромға қатысты биіктік регламентін бұза ма, жоқ па деген маңызды пікірталас туындады. Келіссөздер 20 жылға жуық уақытқа созылып, нәтижесінде біз аэродромның  ұшу-қону жолағын үш градусқа бұру үшін $100 млн. жұмсадық.


- Сеулде басқа да биік ғимараттар жетерлік. Ал Ханойда сіздердің аспанмен таласқан ғимараттарыңыз қаладағы құрылыстармен салыстырғанда  алып сияқты көрінеді. Вьетнамда құрылысқа рұқсат алу қиын болды ма?


- Жоқ, себебі үкімет қала орталығында осындай деңгейдегі ғимарат кешенінің салынуын қалады. Lotte CenterHanoi ғимаратында кеңселер, апартаменттер, дүкендер және ГФР мен Малайзияны қосқанда жеті мемлекеттің елшілігі орналасқан.


- Ғимарат құрылысы аяқталғаннан кейін, сіздің компанияңыздың штаб-пәтері Сеулдегі Lotte WorldTower ғимаратына көше ме?


- Иә. Тек штаб-пәтер ғана емес. 61-қабаттан 85-қабатқа дейінгі аралықта апартаменттер, оның ішінде менің де жаңа пәтерім болады. Ал одан жоғары 86-119 қабаттарда әлемдегі ең биік алты жұлдызды қонақүй орналасады. Оның бағасы да соған орай әлемдегі ең  жоғары баға болады деп ойлаймын (күледі).


- Сеулдегі Lotte WorldTowerде 20 000-нан аса адам жұмыс істейтін болады, дүкенге келушілер саны да артады. Көлікке байланысты  қажеттілікті  қалай қамтамасыз етесіздер?


- Lotte WorldTower орналасқан жер телімінің бір бөлігін біз қалаға бердік, бұл олардың жанаса жатқан жолдарды кеңейтуі үшін қажет. Мұнараның жер асты бөлігінде 3500 автомобиль сиятын және автобустарды қоюға болатын үлкен тұрақ салынады, сондықтан көлік кептелісі болмауы тиіс. Мен жолдары тар аласа ғимараттардан  жанаса жатқан кең жолдары ба, биік ғимараттар  артық  деп есептеймін.


-  Lotte Grouр тобында жыл сайын менеджерлерді жоспарлы түрде жоғарылату жүзеге асырылады. Бұл үдеріс қалай ұйымдастырылған  және ол компанияға не береді?


- Ежелден жоғары тұрған басшылар ғана төмендегі бағыныштыларды бағалаған, алайда біз бұл жүйені 360 градусқа бұрдық: енді бағынышты адамдар өз басшыларын және салыстырмалы орындағы адамдарды бағалайды. Бұл нақты жағдайды көрсетеді. Бұған қоса компанияда демократияны дамытуға ықпал етеді. Корейлік ұжымдық мәдениетте басшының айтқаны болады, оның нұсқаулары – заң. Біз жүйені икемдеуге тырысамыз. Әрине, бұл жылдам жүзеге аса қоймайды – мен Lotte вице-төрағасы лауазымына келгеннен бастап есептегенде өзгерістер 10 жыл бойы жүргізілуде. Оның ішінде, біз PepsiCo, Canon секілді бизнес-серіктестеріміздің  оң тәжірибелерін өзіміздің ұжымдық мәдениетпен үйлестіре отырып, олардан үйренуге ұмтыламыз.


- LOTTE Group топ-менеджменттегі әйел адамдардың  үлесін 30%-ға дейін арттыруды көздейтінін хабарлады. Бұл сіздерег қандай пайда  береді?


- Біріншіден, бұл шешімді не себепті қабылдадық деген мәселеге тоқталайық. Себебі әйел адамдар біздің кондитерлік өнімдерді сатып алушылардың 70%-ын құрайды. 20 жыл бұрын мен Lotte DepartmentStore жұмыс істей бастағанда барлық шешімдерді, оның ішінде әйел адамдарға да қатысты шешімдерді ер адамдар қабылдайтын. Бұл, жұқалап айтсақ, түсініксіздеу. Мен сол кезде мұндай жүйені өзгерту қажет екенін түсіндім. Қазіргі кезде директорлардың 5%-ы  - әйел адамдар. Нақты жағдайда бұл - өте аз көрсеткіш, алайда басқа корейлік компаниялармен салыстырғанда көп. 2020 жылға дейін директорлардың кем дегенде 30%-ы әйел адамдар болады. Бұл міндетті түрде орындалады. Корей менталитетінде құрылыс пен мұнай химиясы – ер адамдарға қатысты сала. Олай емес.  Біз мұндай көзқарасты өзгертуіміз керек.


- Сіздер ғаламдық топ құрып жатырсыздар,  2018 жылға қарай Азиядағы 10 ірі компания қатарына қосылу - - мақсаттарыңыз. Шетелдік менеджерлер сіздерге сол үшін қажет пе?


- Жергілікті нарықтарда біздің жергілікті менеджерлеріміз бар. Мысалы, кондитерлік фабрикамыз жұмыс жасайтын Қазақстанда бар болғаны кореялық екі менеджер жұмыс жасайды, қалғандарының барлығы -  жергілікті менеджерлер. Ал жетекшілерді жоғарылату бағдарламасы тек кореялық менеджерлерді ғана емес, шетелдік менеджерлерді де қамтиды. Мысалы, өткен жылы Lotte HotelMoscow басқарушысы, ұлты дат Мортен Андерсен мен Lotte MartIndonesia көтерме сауда басшысы Джозеф Бунтаран топ-менеджментке (executiveposts) енгізілді. Қазір бізде компания басшылығында тек әйел адамдардың пайыздық үлесі бойынша ғана мақсатты көрсеткіштер бар, бірақ 3-5 жылдан кейін келесі түрі – топ-менеджменттегі шетелдіктердің үлесі бойынша көрсеткіш пайда болады деп ойлаймын. Сол кезде біздің Директорлар кеңесінің отырыстары корей тілінде емес ағылшын тілінде өтуі мүмкін. Мұндай тәжірибе бізде бар: наурыз айының басында Вьетнамда компаниямыздың азық-түлік өнімдерімен айналысатын директорларының жыл сайынғы жиналысы өтеді, оған Корея, Жапония, Ресей, Қазақстан, АҚШ және т.б. елдердің менеджерлері қатысады, осы жиналыста біз  ағылшын тілінде сөйлейтін боламыз.


- Lotte Group кеңселерінде әр сәрсенбі  - FamilyLoveDay, бұл күні  жұмыскерлер  жұмыстан ерте кете алады. Мұндай күн не үшін қажет және не себепті ұйымдастырылған?


- Біз еңбек тиімділігін арттырғымыз келеді, ал FamilyLoveDay – осы мақсатқа қол жеткізу жолындағы шаралардың бірі. Кәрістер көп уақытын жұмыста өткізуге үйренген. Өзінің істейтін жұмысы болмай, тек әріптесі кеңседегі жұмысына байланысты қалғандықтан ғана жұмыста бостан-бос отыратын жағдай жұмыскерлер арасында жиі кездеседі. Бұл ақылға сыймайды. Осыған байланысты біз FamilyLoveDay күнін енгіздік, бұл - адамдарды қызметін тиімді атқарып, жұмыстан ерте қайтуға ынталандыратын шара. Бастапқыда, осы күнді алғаш енгізгенде адамдар бұрынғыдай сағат 22.00-ге дейін отыруды жалғастыра берді. Адамдар жұмыс істей алмай, үйлеріне, отбасыларына қайтуы үшін біз енді [сағат 18 – 00 де] желдеткіштер мен ғаламторды ажыратып, сөндіретін болдық.