back to news

LOTTE корпорациясы «Рахат» АҚ кондитерлік фабрикасына инвестиция тартады

Қазақстанда Алматы қаласында 2013 жылғы 2 шілдеде қазақстандық жетекші кондитерлік компаниялардың бірі «Рахат» АҚ  мен Оңтүстік Кореядағы LOTTE Confectionery жетекші кондитерлік компаниясының ресми түрде «Рахат» АҚ-ның айналымдағы акцияларының шамамен 76%-ын сатып алу жөнінде келісім жасағаны туралы мәлімдеді.  


Сатып алу осындай уағдаластық  келісімдеріне тән нәрсе болып отыр.

Бұл келісім Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды өзара тиімді түрде одан әрі дамытуға мүмкіндік береді, олардың екі жақты ынтымақтастық перспективасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шақыруымен Оңтүстік Корея Президенті Ли Мен Бактың 2012 жылғы қыркүйек айындағы Қазақстанға  ресми сапары нәтижесінде жаңа сапалық деңгейге көтерілген.

«Рахат» АҚ - 1942 жылы құрылған және жылдық айналымы 2012 жылы шамамен 29,4 млрд теңгені (шамамен 197 млн. АҚШ доллары) құрайтын, қазіргі таңда шоколадты, қантты және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер нарығында көшбасшылық бағыттағы, қазақстандық аса ірі кондитерлік компания. Компанияның орталық кеңсесі Алматы қ. орналасқан, ал өндірістік қуаттары Алматы және Шымкент қалаларында. Компания қызметкерлерінің  жалпы саны - шамамен 3 000 адам. «Рахат» АҚ-ның Қазақстанның барлық аймақтары бойынша және Ресей, Орта Азия елдері мен Германияға таралған дистрибьюторлық  желісі бар. Компания өз брендінің  аса танымалдығы  мен  сапасы айрықша өнімдерінің арқасында өсіп-өркендеуде.  



LOTTE Confectionery - Оңтүстік Кореядағы көлемі жағынан 5-інші ірі конгломерат – LOTTE тобының еншілес компаниясы және штаб-пәтері Сеул қаласында орналасқан Оңтүстік Кореядағы жетекші кондитерлік компания. LOTTE тобына жыл сайын қос мәндік өсім көрсететін, жылдық  жиынтық  айналымы 2012 жылы 75 млрд. АҚШ долларын құраған 79 еншілес компания кіреді. Бастапқыда 1967 жылы LOTTE тобы кондитерлік компания ретінде құрылды, кейін тағам өнеркәсібі, бөлшек сауда, туризм, құрылыс және мұнай- химия сияқты басқа салаларды қамтып, кеңейе бастады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                

Соңғы бірнеше он жылдықта LOTTE Confectionery Оңтүстік Кореяның кондитерлік нарығындағы үлесі ауқымды № 1 ойыншының ұстанымын  жалғастыруда, сонымен бірге өзінің Азиядағы №1 кондитерлік компания болуды  көздейтін стратегиялық мақсатына сәйкес Оңтүстік Кореядан шеткері, алыс  орналасқан  аймақтардағы  жаңа нарықтарды игеруде.

LOTTE Confectionery компаниясының Президенті Йонг Су Ким мырза: «LOTTE Confectionery компаниясы қазақстандық кондитерлік нарықта берік орнығып, «Рахат» АҚ  компаниясын  сатып алғанына разы. Бұл келісім - LOTTE Confectionery компаниясының 2004 жылы Үндістандағы Parry'sConfectionery компаниясын сатып алғаннан кейінгі ірі жетістігі, яғни Қазақстан  мен Орталық Азияның  қарқынды дамып келе жатқан нарығындағы орнымызды айшықтауға мүмкіндік береді. «Рахат» АҚ - тұтынушылары арасында өнім сапасы бойынша беделі мінсіз, дистрибьюторлық желісі жүйелі, мықты брендке ие, Қазақстандағы  алдыңғы қатарлы компания. Біз «Рахат» брендіне келесі даму деңгейіне көшіп, LOTTE Confectionery компаниясында қолданылатын жаңа ғылыми технологиялар мен әзірлемелердің  көмегімен және сапаны бақылау жүйесі арқылы өнімнің сапалық көрсеткішін сақтап қалуға көмектесеміз. Осы келісімнің  Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы өзарақарым-қатынасты  және экономикалық, бизнес, мәдени салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтатыны - біз үшін мақтаныш», - деп атап өтті.

 «Рахат» АҚ компаниясының акционерлік капитал құны шартта шамамен 157 млн. АҚШ долларына бағаланған, бұл акцияға шаққанда шамамен 43,5 АҚШ долларына тең (шамамен 6,5 мың теңге), 3,6 млн мөлшеріндегі айналымдағы акцияларға байланысты Қазақстандық  қор биржасындағы акция бағасына 2013 жылы 1 шілдеде (сауда коды RAHT) 30% мөлшерде сыйақы қосқан.

Сатып алу барысында осындай  шарттарға сәйкес  келісімдер жүргізілген  (оның ішінде  мемлекеттік органдармен), осыған байланысты келісімдерді  2013 жылдың екінші жартысында аяқтау жоспарланып отыр. Барлық тиісті келісімдерді алып, келісімшартқа отыру аяқталғаннан кейін, LOTTE Confectionery компаниясы «Рахат» АҚ компаниясының миноритарлы  акционерлеріне  24%  мөлшеріндегі қалған акциялар жинағын қазақстандық  заңнамада көзделген  жағдайда сатып алу туралы ұсыныс жасауды жоспарлап отыр.

HSBC банкі аталған  шарт бойынша «Рахат» АҚ  акционерлер тобының  айрықша қаржылық кеңесшісі болса, MorganLewis заң фирмасы шарт бойынша - кеңесші заңгер. SamilPricewaterhouseCoopers (Оңтүстік Корея), Kim&Chang  және  Salans фирмалары  - аталған  келісімшарт бойынша  LOTTE Confectionery компаниясының кеңесшілері.