back to news

«Lotte Confectionery» компаниясы Қазақстанды индустрияландыруға қосқан үлесі үшін марапатталды

Астанада Қазақстандағы белсенді қызметі үшін шетелдік инвесторларды жыл сайын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өткізілді, онда «Lotte Confectionery» компаниясы Қазақстанды индустрияландыруға және жоғары технологиялы өндірістерді дамытуға үлес қосқан компания ретінде атап өтілді.

Салтанатты рәсімге ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев және шетелдік инвесторлар, шетелдік дипломатиялық өкілдіктер, іскерлік ассоциациялар мен ұйымдардың басшылары қатысты.

Оңтүстік Кореялық «Lotte Confectionery» компаниясының қайта қаржыландыруы арқасында Шымкент қаласында осы жылдың қазан айында «Рахат-Шымкент» ЖШС жаңа фабрикасының іске қосылғанын атап өткен жөн.